Қоғам белсендісі Қарақат Әбденді депутат мандатынан айыруға петиция жариялады

941

Петиция авторы – "НеМолчи.kz" қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі. 

Қоғам белсендісі Қарақат Әбденді депутат мандатынан айыруға петиция жариялады Фото: Globalnews.kz

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбденнің шетел азаматтарына тұрмысқа шыққан қазақ қыздарына салық салу қажет деген ұсынысы қоғамда резонанс тудырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"НеМолчи.kz" қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі Қарақат Әбденнің әйелдердің құқықтары туралы конституциялық нормаларды сақтамайтынын алға тартты.

Еске сала кетсек, Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден шетелдіктерге күйеуге шыққан қыздарға салық салуды ұсынған еді.

– Осы кезге дейін айтқандарымның бәрін, барлық идеяларымды, көтерген барлық мәселелерді кейінгі қызметімде де жалғастырамын. Қазір айтып отырған шетелдіктермен некеге тұруға салық салу ұсынысын әлі де ашу керек. Қалай жүргізілетінін түсіндіру керек. Неге енгізбеске? Әрине, қолдаймын, – деді депутат.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу