Қоғамдық кеңес "Масс-медиа туралы" заң жобасын талқылады

665

Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.  

Қоғамдық кеңес "Масс-медиа туралы" заң жобасын талқылады Фото: gov.kz

Кеңес отырысына Дархан Мыңбай төрағалық етті, деп жазады inbusiness.kz.

Аталған заң жобасы журналистер арасында талқыланды. Заң жобасына журналистердің мәртебесіне, БАҚ-ты мемлекеттік қаржыландыруды реформалауға және ақпараттық қауіпсіздікке қатысты 50-ден астам түзетулер енгізілді.

Жалпы алғанда, заң жобасын кеңес мүшелері қолдады. Дегенмен жекелеген түзетулерді жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ескертулер енгізілді.

Айта кетейік, АҚДМ Қоғамдық кеңесінде азаматтық қоғам, жастар мен отбасы, ақпарат және қоғамдық келісім саласындағы жалпы 4 комиссия жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу