Петропавлда қоғамдық көлік жүргізушілері жаппай жұмыстан шығып жатыр. Бүгінгі күні ондаған автобус бағдары жолға шықпай, тұрақта қаңтарылып тұр, деп хабарлайды Atameken Business.
Жүргізушілердің айтуынша, жұмыстан кетуге түрткі болған басты себеп, тексерістің көбейгені екен. Нақтырақ айтсақ, автобуста маска тақпаған жолаушылар болса және қоғамдық көліктің ішінде тұрған адам болса айыппұл жүргізушіге салынады. Ал, жүргізушілер біз жолға қараймыз ба әлде жолаушыға қараймыз ба деп өз наразылықтарын білдіруде. Бұдан бөлек, аптап ыстықта медициналық маска және қолғап киіп жұмыс істеу өте ауыр екенін айтады. Айлығы шайлығынан аспайтын жүргізушілер, жолаушылар үшін айыппұл төлейтін артық ақшамыз жоқ деп, жұмыстан амалсыз кетуде.