Қоғамдық көліктерге жүргізушіні бақылайтын датчик орнатылады

804

Егерде жүргізуші ұйықтап бара жатса немесе көлікке ие бола алмай қалған жағдайда датчик дыбыс береді.

Қоғамдық көліктерге жүргізушіні бақылайтын датчик орнатылады

Жол апатының алдын алатын жаңа технология бүгінде пилоттық режимде қаланың екі автобусында жұмыс істеуде, деп хабарлайды elorda.info.

"Біз Нұр-Сұлтан қаласындағы қоғамдық көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын одан әрі жалғастырудамыз. Статистикаға сүйенсек, бүгінгі күні тұрғындардың шағымы өткен жылмен салыстырғанда 60%-ға азайған. Сондай-ақ, қазіргі уақытта қоғамдық көлік жүргізушілерінің қатысуымен болатын жол-жөлік оқиғалары да 31,9% кеміді. Бұл – біз үшін жақсы көрсеткіш", – деді Астана LRT ЖШС-ның басқарма төрағасының орынбасары Бейбіт Есжанов. 

Басқарма төрағасының орынбасары, сонымен қатар Астана LRT-да цифрландыру жұмысын жетілдіру бағытындағы жаңа жобаларға тоқталып өтті. 

"Өздеріңіз білетіндей, өткен жылдан бастап электронды төлемақы жасау жүйесі енгізілді. Бұл өз кезегінде қоғамдық көліктерден түсетін көлеңкелі түсімнің 30%-ын қайтаруға септігін тигізді. Ендігі уақытта автобустарға жүргізушінің шаршағандығын анықтайтын бақылау камерасы бар датчик орнатудамыз. Аталған цифрландыру жобасы қалалық әкімдікпен бірлесіп жүзеге асырылуда", – деді ол. 

Өз кезегінде қолға алынып жатқан жаңа техноголиялық жобаға жауапты IQ Global corporation LLP компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі Ерлан Кәкенов дачтик бақылау жүргізіп қана қоймай, сондай-ақ күтпеген жерден орын алған өзгерістерге дер кезінде әсер ететінін айтып өтті. 

"Жаңа технологиялар адам өміріне жұмыс істеуі керек. Қазіргі уақытта онлайн мониторинг жүйесі қала бойынша 2 автобуста орнатылып, пилоттық режимде жұмыс істеуде. Ақылды технология автобус жүргізушісінің әрбір қимылын мұқият бақылайтын болады. Атап айтқанда, жүргізушінің рөлді басқарудағы іс-қимылын қадағалайды. Егерде жүргізуші ұйықтап бара жатса немесе көлікке ие бола алмай қалған жағдайда датчик дыбыс береді. Яғни дыбыс арқылы жол апаты қаупінің алдын алу мүмкіндігі бар", – деді Ерлан Кәкенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу