Шайдың бұл түрі көкіріңді таяқшаларды жұқтырудың алдын ала алады. Оның құрамындағы "эпигаллокатехин" деп аталатын антиоксидант көкіріңді таяқшалармен, медицина тілімен айтқанда Pseudomonas aeruginosa бактерияларымен күресте қолданылатын азтреонама антибиотигінің тиімділігін қалпына келтіретіні белгілі болды.
Айта кету керек, көп жағдайда бұл микроорганизмдер антибиотиктерге дес бермейді. Оны емдеу үшін бірнеше препараттар қатар қолданылғанымен, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жоқ. Көкіріңді таяқша қазір әлем медицинасын алаңдатып отыр: бактерия тыныс алу жолдары, қан айналым жүйесі ауруларын қоздырады.
Зерттеуді жүргізген Суррей университетінің маманы Роберто ла Раджоненің айтуынша, көк шайды азеотренамамен бірге пайдаланса, аурудың бетін қайтаруға мүмкіндік бар.
Суррей Университетінің ғалымдары бұл тәжірибені Англияның Қоғамдық денсаулық сақтау ұйымы, Германияның инфекцияларды зерттеу орталығы және Кельн университетімен бірлесе жасаған.
Табиғат Нұрболат