"Көкөніс" немесе "көгөніс": Оқу-ағарту министрі мәселенің нүктесін қойды

13908

А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары сөздердің дұрыс жазылуына қатысты шешімдер қабылдайды.  

"Көкөніс" немесе "көгөніс": Оқу-ағарту министрі мәселенің нүктесін қойды Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

БАҚ өкілі министрден "Көкөніс" сөзі қалай дұрыс жазылады?" деп сұрады.

"Көкөніс" сөзі "г" әрпі арқылы жазылады", - деп жауап берді министр.

Журналист "Орыс сыныбында оқитын 5-сынып оқушыларына арналған қазақ тілі әдебиеті оқулығында "көгөніс" деп жазылған.  Жаңа ғана өз сөзіңізде қазақ тілінен емтихан енгізілетінін айттыңыз. Бірақ сіздер бір ғана қарапайым сөздің дұрыс жазылуы қалай болу керек екенін анықтап алмадыңыздар. Ана тілі басқа оқушылар үшін қазақ тілін қалай үйретпекшісіздер?" деп нақтылады.

"А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты бар. Онда жұмыс істейтін ғалымдар қай сөздің қалай жазылуына байланысты шешімдер қабылдап отыр. Сіз айтқан оқулық сараптамадан өтті. Бұдан бөлек ол лингвистикалық сараптамадан да өтеді. Сондықтан қазақ тіліне қатысты өзгерістер тиісті мемлекеттік органдардың талдауынан өтуі тиіс. Бұл мәселені институттан қосымша анықтай аламыз. Жаңа ережеге сәйкес "көкөніс" емес, "көгөніс" деп неге жазылатынын қосымша түсіндіре жатар", - деді Ғани Бейсембаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу