Көкшетауда көлік жаяу жүргіншіні басып кетті

441

9 мамыр күні болған жол-көлік оқиғасы бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Көкшетауда көлік жаяу жүргіншіні басып кетті Фото: Бейнежазбадан

Әлеуметтік желілерде Көкшетауда болған жол-көлік оқиғасының видеосы тарады. Бейнежазбада аула аумағына кірген көліктің жаяу жүргіншіні қағып кеткені көрінеді. Оқиғадан кейін көліктен жүргізуші мен жолаушылар шығып, зардап шеккен әйелге қарай жүгірген.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, аталған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс тіркелді. Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу