Көкшетауда пластикалық терезелер дайындайтын өндіріс орнында өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"2 қаңтарда 18:45 шамасында пластикалық терезелер өндірісі қоймасында өрт шыққандығы туралы ақпарат түсті. Шақырту орнына келген бойда көлемі 50*20 дайындамалар мен пластикалық материалдарды сақтауға арналған қоймада, ауданы 260 шаршы метр аумақта өрт шыққандығы анықталды", - делінген Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Өрт 19:55 оқшауланып, сағат 20:01 сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнына Ақмола облысы ТЖД жеке құрамының 41 адамы мен 11 бірлік техникасы жұмылдырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу