Көкшетауда ұрлық жасаған күдікті СҚО-да ұсталды

279

Күдікті Ғабит Мүсірепов ауданында қолға түсті

Көкшетауда ұрлық жасаған күдікті СҚО-да ұсталды Фото: polisia.kz

Қолға түскен күдікті азамат қамауға алынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көкшетау қаласының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 12 шілдеде Көкшетау қаласында құқық бұзушылық әрекетін жасаған Алматы қаласының 37 жастағы тұрғынын ұстады. 

ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша іздеуде жүрген күдікті Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданында қолға түсті. Облыс орталығының қызметкерлері күдіктіні қолға түсіру үшін бір аптадан астам уақыт жұмсауға мәжбүр болды. 

Ұсталған азамат сотқа дейін уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Айта кету керек, қылмыстық құқық бұзушыларды іздеу – маңызды жұмыс бағыттарының бірі. Жыл басынан бері облыста 33 қылмыскер іздестірілді. Оның 29-ы табылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу