Көктайғақ: Маңғыстауда жол апатынан 3 адам көз жұмды

900

Маңғыстау облысындағы Ақтау-Ақшұқыр тас жолында "ZAZ Chance" автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып, "King Long" автобусымен соқтығысқан.

Көктайғақ: Маңғыстауда жол апатынан 3 адам көз жұмды Фото: inbusiness.kz

Оқиға Ақтау-Ақшұқыр тас жолының 14-ші шақырымында сағат 15:35 шамасында болды. Салдарынан үш адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Аталған дерек ҚР ҚК 345- бабының 4-бөлігі бойынша Түпқараған аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерулерінің бірыңғай тізілімінде тіркелген.  

Бүгін Маңғыстау облысында ауа райы күрт суытып, -12 градусқа дейін төмендеді. Салдарынан қар жауып, соңы көктайғаққа ұласты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу