Көктемгі егіс жұмысын қаржыландыруға 128 млрд теңге бөлінді

815

Үкімет мұнай өнімдерінің қымбаттағанына қарамастан шаруаларға дизель отынын нарықтағыдан арзан бағаға берді.  

Көктемгі егіс жұмысын қаржыландыруға 128 млрд теңге бөлінді

Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, шаруаларға дизель отынының бір литрі 165 теңгеден сатылды. Бұл нарықтағы бағадан 14%-ға арзан.

Бұдан кейін Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу деңгейі оң динамиканы көрсетіп отырғанына тоқталды. 

"Соңғы 5 айда 140 млрд теңгеге  8 700 бірлік техника сатып алынды", – деді вице-министр.

Оның айтуынша, көктемгі егіс жұмысын қаржыландыру аяқталды. Бұған қаржы институттары 128 млрд теңге бөлді. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу