Қол астындағы қызметкерге қол көтерген полицей жұмыстан шығарылды

1010

Сонымен қатар тағы бірқатар басшы қызметтерінен босатылды. 

Қол астындағы қызметкерге қол көтерген полицей жұмыстан шығарылды

Наурызбай аудандық полиция Басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Қанат Жақыпбаев жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлады. 

Алматы полициясының бастығы Қанат Таймерденовтің айтуынша, ПД-де жедел тәртіптік комиссия өткізілді, оның шешімімен Наурызбай аудандық полиция Басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры К. Жақыпбаев  полиция бөлімінің беделін түсіргені және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің этикалық кодексі" нормаларын бұзатын әрекетті жасағаны үшін ішкі істер органдарынан шығарылған. 

Сонымен қатар, бұл бөлімнің бірқатар басшылары қызметтерінен босатылды.
Сондай - ақ, ПД басшысы өзіндік қауіпсіздік Басқармасы бұл фактіні ҚР ҚК-нің 362 бабы -билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркегенін айтты.

Еске салайық, бүгін әлеуметтік желіде азаматтық киім киген ер адамның полиция қызметкерін ұрған видео пайда болған еді. "Видеода ақ футболкадағы Наурызбай аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Жақыпбаев Қанат Еркінұлы жекпе-жектен спорт шеберлігін қолданып, жас қызметкерлерді жүйелі түрде ұрып-соғады.  Департамент басшылары бұған көз жұмып қарайды, мен жұртшылықтың назарын аударуды сұраймын" деп жазылған сипаттамада. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу