Өскеменде алкоголь өнімдерін қолдан жасаумен айналысқан тағы бір цехтың жолы кесілді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құрамында спирті бар өнім Өскемен қаласындағы өндірістік базалардың бірінде ұйымдастырылған. Цехтың қызметкерлері суррогатты алкогольді антисанитарлық жағдайда спиртке су, түрлі бояулар мен дәмдеуіштер қосу арқылы жасап отырған.
Екі цехтың ішіне тінту жүргізу барысында 16 мыңнан астам өткізуге дайын тұрған қолдан жасалған алкоголь өнімдері, 715 литр спирт, 15 мыңнан аса жалған акциздік маркалар алынды.
Қазіргі уақытта заңсыз әрекетке қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.