"Қолхатқа қол қойдық": Экс-депутат Бақытжан Базарбектің қатысуымен жол апаты тіркелді

Бұл туралы ол жеке парақшасында мәлім етті.     

"Қолхатқа қол қойдық": Экс-депутат Бақытжан Базарбектің қатысуымен жол апаты тіркелді Фото: facebook/Бақытжан Базарбек

Осылайша, Бақытжан Базарбек Жамбыл облысында күні  кеше ғана болған жол-көлік оқиғасына түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Менің қатысуыммен болған жол-көлік оқиғасына қатысты туындаған көптеген ойдан шығарылған әңгіме мен қауесеттерге жауап бере алмаймын әрі көп нәрсені жаза алмаймын.

Сотқа дейінгі қозғалған тергеп-тексеру аясында мен және жұбайым сотқа дейінгі тергеу мәліметтерін жария етпеу туралы қолхатқа қол қойдық, – деп жазды экс-депутат.

Оның сөзінше, тергеу жұмыстары жалғасуда, қазіргі уақытта қажетті сараптамалардың жүргізілуі күтіліп отыр.

"Тергеу органдары заңға сәйкес болған оқиғаның барлық мән-жайына объективті әрі әділ баға береді деп сенемін" деген Бақытжан Базарбек ең басты жайтты атап өтті.

– Қазір мен үшін ең бастысы – зардап шеккен азаматтың өзіне, жақындары мен туыстарының қасында болып, оларға қажетті көмек көрсету. Біз бірнеше күн бойы іс жүзінде ұйықтамай, оның туған-туыстарымен бірге оның сауығып кетуін тілеп, дұға жасап отырмыз.

Көрсетілген шұғыл медициналық көмек үшін аудандық аурухананың барлық дәрігеріне, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасына ерекше алғысымды білдіремін, – деді ол.

Жазба соңында заңгер әлеуметтік желілерде қазірдің өзінде түрлі нұсқалар мен алып-қашпа әңгімелер тарап жатқанын еске салды. Сол себепті, ол көпшілікті асығыс қорытынды жасамауға және тек ресми ақпарат пен тергеу нәтижелеріне сенуге шақырып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу