Көлікті аулада ұзақ қыздырып, өзгеге кедергі келтіретіндерге айыппұл салынады

Елімізде жол қозғалысы ережелері тек жылдамдықты шектеумен ғана емес, экологияға деген әсерімен де өлшеніп отыр.

Көлікті аулада ұзақ қыздырып, өзгеге кедергі келтіретіндерге айыппұл салынады Фото: shutterstock

Ұзақ уақыт көлікті жылыту жанармай шығынын арттырып ғана қоймай, атмосфераға зиянды заттардың, соның ішінде көміртек тотығының бөлінуіне себеп болады.

Осыған байланысты, Қазақстанда тұрғын үйлердің жанында жұмыс істеп тұрған қозғалтқышпен көлікті 5 минуттан артық тоқтатып қоюға тыйым салынған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мұндай ереже Үкімет қаулысымен бекітілген жол жүру ережелерінің 12 тармағында қарастырылған. Яғни көлікті ұзақ қызыру тұрғындарға қолайсыздық туғызса, тыйым салынады.

Ережені бұзғаны үшін:

  • Алғашқы кезде, 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 19 660 теңге көлемінде айыппұл салынады;
  • Қайталанған жағдайда, 10 АЕК немесе 39 320 теңге айыппұл төлеу керек;
  • Айыппұл салу үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі, құқықбұзушылық жасалған уақыт пен күні көрсетілген 5 минуттан астам бейнежазба керек.

Жол қозғалысы ережелерінің 2-бөлімінің 9-тармағына сәйкес, көлік жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тағуға міндетті, сондай-ақ қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады.

Бұл талапты орындамаған жағдайда 5 АЕК көлемінде айыппұл (19 660 теңге) қаралған.

Көлікті жылыту немесе қауіпсіздік белдігін тақпау сияқты ұсақ құқықбұзушылықтар елеусіз болып көрінгенімен, айтарлықтай қаржылық шығындарға әкелуі ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу