Көлік қаққан жасөспірімнің жағдайы ауыр

834

Нұр-Сұлтанда ұрлықы көлікпен екі адамды қағып, бірін мерт еткен күдікті бұрын да істі болған.

Көлік қаққан жасөспірімнің жағдайы ауыр

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов қалада болған жол-көлік оқиғасына қатысты түсініктеме берді.

"Бүгін таңғы сағат 6:52-де Күйші Дина көшесінде белгісіз бір адам такси жүргізушісін ұрып, көлігін тартып алғаны туралы 102 арнасына хабарлама келіп түсті. Араға 6 минут салып, осы автокөлік Тәуелсіздік көшесінде екі жаяу жүргіншіні қағып кеткені жайлы мәлімет келіп жетті. 6:52-де түскен хабар арқылы көтерілген біздің арнайы күштер күдіктіні ұстады. Ұсталған 23 жасар күдікті қазір біздің департаменттің уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. ҚР қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша адам өліміне әкеп соққан жол оқиғасы және автокөліктің иесіне шабуыл жасағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру іс-әрекеттерін бастадық. Оқиға орнында 48 жастағы әйел қайтыс болды және 2005 жылы туған жасөспірім түрлі дене жарақаттарымен ауыруханаға жеткізілді. Қазір ол бала ауыр жағдайда жатыр", – деді Ержан Сәденов.

Полиция департаментінің басшысы күдіктіге қандай жаза қолданылуы мүмкін екенін айтты.

"Күдікті ұсталған кезде мас болды, әрі оның жүргізуші куәлігі де жоқ. Ұсталған 23 жасар күдікті бұрын бірнеше мәрте қылмыс жасаған. Ол ұрлық, тонау тәрізді қылмысы үшін соңғы рет екі жылға бас бостандығынан айырылған. Жаңағы 345-бап бойынша бес жыл, ал екінші қылмысы үшін он жыл қарастырылған. Біз кінәсін дәлелдейміз. Ал сот жазасын тағайындайды", – деді ол.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу