Көлік құралдарына салынатын салықты 1-сәуірге дейін төлеу керек

856

Оның сомасын kgd.gov.kz web-порталындағы калькулятор көмегімен есептеуге болады. 

Көлік құралдарына салынатын салықты 1-сәуірге дейін төлеу керек Фото: google

2022 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты 1 сәуірге дейін төлеу керек. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталындағы калькулятор көмегімен немесе "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшасында дербес есептеуге болады.

Сонымен бірге, салық органдарымен есептелген салықтың сомалары мобильді қосымшалар арқылы PUSH-хабарлама түрінде наурыз айында жіберілетін болады.

Есептелген салық сомаларын "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшасының "Электронды сервистер"→"ЖТ және ЖК алдағы төлемдерді төлеу қызметі" сервисінде, сондай-ақ kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы көруге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу