Көлік салығын қалай есептеуге болатыны айтылды

1474

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық төлеу мерзімін еске салды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Көлік салығын қалай есептеуге болатыны айтылды

"Биылғы жылдың салығын кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей төлеу керек", – деп жазады мекеме.

Салықты қалай есептеуге болады?
- "Электрондық қызметтер" бөлімінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында (kgd.gov.kz.) орналастырылған "Калькулятор" қызметін өз бетінше пайдалану;
- E-SalykAzamat мобильді қосымшасында (PlayMarket AppStore арқылы жүктеу).

"Егер көлік бір жылдан аз уақыт ішінде ғана сіздің меншігіңізде болса, салық сомасы іс жүзінде иелік ету кезеңіне жылдық салық сомасын он екіге бөлу және меншік құқығында іс жүзінде болған айлар санына көбейту арқылы есептеледі", – деп хабарлайды мекеме.

Көлік салығын кімдер төлемейді?
- Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жеңілдіктер бойынша теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
- Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен мараптталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар;
 - Кеңес Одағының батырлары мен Социалистiк Еңбек ерлерi;
- "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен марапатталған адамдар;
- "Батыр ана" атағына ие болған немесе "Алтын алқа" не "Күмiс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар; 
- Мүгедектер.

"Бұл адамдар 31.12.2013 жылдан кейін мемлекеттік тіркеу жүргізілген 4 000 текше см-ден асатын көлік құралдарын қоспағанда, бір көлік құралы үшін көлік салығын төлеуден босатылады", – делінген таратылған ақпарда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу