Көлік салығын төлемегендер қамауға алына бастады

593

Қостанай облысында көлік салығын төлемегендер қамауға алына бастады. 

Көлік салығын төлемегендер қамауға алына бастады Фото: Dauletten.kz

Аймақта 12 мыңнан астам көлік иесі, 190 млн теңге берешек. Мемлекеттік төлемді, көлік иелері бірінші сәуірге дейін өтеуі тиіс еді. Енді құзырлы органдар 26-шы мамырдан бастап, салықты мәжбүрлеп төлеу шарасын қолданбақшы.

Барлық борышкерлердің тізімі жеке сот орындаушыларға беріледі. Олар көлік иесінің мүлкін тәркілеп, шетелге шығуына тыйым салып, банктегі есеп шоттарын бұғаттай алады. Жыл басынан бері көлік салығын төлемегені үшін, облыстың бірнеше тұрғыны қамалып шыққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу