Көлік салығын төлеу мерзімі шегеріледі

2222

Жаңа жылдан бастап көлік салығын әр жылдың сәуір айына дейін төлеу міндеттелуі мүмкін.

Көлік салығын төлеу мерзімі шегеріледі

Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалар үшін көлік салығын төлеудің мерзімін өзгертпекші. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіне өткен баспасөз мәслихатында салық салу әдіснамасы департаменті директорының міндетін атқарушы Дәулет Жарылғасынов айтты. 

"Салық туралы кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына жеке тұлғалардан алынатын көлік салығының мерзімін әр жылдың 31 желтоқсанынан келер жылдың 1 сәуіріне шегеру ұсынылып отыр. Бұл төртінші деңгейдегі  алымдардың уақтылы түсуі үшін жасалады. Көлік салығының басым бөлігі жылдың аяғында ғана төленетіндіктен, жергілікті әкімдіктер оны игеріп үлермей жатады. Сол үшін оны 4 айға шегеріп отырмыз. Осының арқасында көлік салығының түсімдерін игеру жеңілдейді", – деді Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі.

Бұл ұсыныс қолдау тапқан күннің өзінде, келесі жылдан бастап қана күшіне енетінін айта кету керек. Яғни, биыл көлік иелері салықты жыл аяғына дейін төлеп тастауы қажет.

Комитеттің дерегі бойынша, биыл жеке тұлғалардан 38,9 млрд теңге көлік салығы түскен. 

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу