Көлікте балаларды алып жүру ережесін сақтамаған 3400 жүргізуші жауапкершілікке тартылды

726

Полиция балаларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды. 

Көлікте балаларды алып жүру ережесін сақтамаған 3400 жүргізуші жауапкершілікке тартылды

"Абайлаңыз, балалар" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде балаларды тасымалдау құралдарын пайдаланбаған 300-ден астам жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Полиция қызметкері балалар креслосын пайдалану қажетті екенін айтып өтті. 

"Бәріміз ата-ана болған соң түсінуіміз керек. Балалар креслосы – бүкіл әлемде қолданылатын қондырғы. Барлық ата-аналарды осы қондырғыларды қолдануға шақырамыз", дейді Жанжос Мұратәлиев. 

Еске салайық, көлікте балалар креслосын пайдалану 2015 жылы қоғамда қызу талқыға түскен еді. Алайда қазір бұл міндетті талап болса да, талап орындала бермейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу