Жетісуда 4 жасар баланы көлік қағып кетті

589

Бала аудандық ауруханаға жеткізілген кезде қайтыс болды.

Жетісуда 4 жасар баланы көлік қағып кетті Фото: Polisia.kz

Қайғылы оқиға 23 сәуір күні кешке Сарқан қаласының көшелерінің бірінде болды. 4 жасар бала Honda Odissey автокөлігі дөңгелектерінің астына түсіп, аудандық ауруханаға жеткізілген кезде қайтыс болды. Бұл туралы inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция мәліметіне сәйкес, шетелдік көлікті 15 жастағы оқушы басқарған. Сарқан ауданының полициясы аталған факті бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі бойынша жүргізілуде. Көлік арнайы тұраққа қойылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу