Өткен жылы көліктің барлық түрімен жүк тасымалы 4,4 пайызға ұлғайған

412

Тасымалданған жүк көлемі 980,7 млн тоннаны құрады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өткен жылы көліктің барлық түрімен жүк тасымалы 4,4 пайызға ұлғайған Фото: lada.kz

"Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2023 жылы Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көліктің барлық түрімен жүктерді тасымалдаудан ел бюджетіне 4 193 707,5 миллион теңге түсті. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 22 пайызға (2022 жылы – 3 264 416,1 миллион теңге) артық", - дейді министрлік.

Ал 2022 жылы көліктің барлық түрімен 939,5 млн тонна жүк тасымалданған болатын.

"Бүгінгі таңда жүктерді тасымалдау бағасы бәсекелестік ортада және көлік-логистика секторларының компаниялары қалыптастырады", - деді Көлік министрлігінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу