Мұндай қайғылы жағдайды жергілікті губернатор хабарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Reuters агенттігінің мәліметінше, 14 желтоқсан күні Колумбияның солтүстігіндегі ауылдық жерде мектеп автобусы 80 метрлік жартастан құлаған.
Осы жайтқа орай Антиокия департаментінің губернаторы Андрес Хулиан X әлеуметтік желісінде жазба жариялады.
Оның сөзінше, оқушылар автобусы Кариб теңізі жағалауындағы Толу қаласынан Медельинге қарай бағыт алған. Яғни, автобус мектептегі жиыннан соң Антиокияның орта мектеп оқушыларын алып келе жатқан.
– Бұл желтоқсан айындағы бүкіл еліміз үшін өте ауыр қайғылы жағдай болды, – деп жазды Андрес Хулиан X әлеуметтік желісінде.
Губернатордың айтуынша, жексенбі күні кешкісін оқушылар жағажайда мектеп бітіру кешін тойлаған.