Көмір-химия саласының әлеуеті 25 млрд долларға жетуі мүмкін

259

Бұл туралы Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов Қазақстан көмір өнеркәсібінің VII форумында мәлімдеді.  

Көмір-химия саласының әлеуеті 25 млрд долларға жетуі мүмкін Фото: gov.kz

Қазақстанның көмірді терең өңдеу бағытындағы мүмкіндігі жоғары, деп жазады inbusiness.kz сайты "Қазақпаратқа" сілтеме жасап.

Оның айтуынша, көмірді терең өңдеу арқылы алынатын өнімдердің құны бастапқы шикізат бағасынан бірнеше есе жоғары болуы мүмкін.

Вице-министр көмір-химия саласындағы ең перспективалы бағыттардың бірі синтез-газ өндірісі екенін атап өтті. Ол аммиак, карбамид, метанол, олефиндер, синтетикалық отын, кокс-химия өнімдері және заманауи химиялық материалдар өндіруге негіз болады.

– Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстандағы көмір-химия саласының даму әлеуеті 25 млрд АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін, –  деді Санжар Жаркешов.

Айта кетейік, бұған дейін көмір өнеркәсібін дамыту жоспары әзірленетіні айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу