Инфляцияны ескерсек, халықтың сатып алу қабілетінің нақты өсуі 10,4% құрады.
Сатып алу қабілетінің өсуі, басқаларымен қатар, коммуналдық қызметтер бағасының қолжетімді болуына байланысты. Осылайша, коммуналдық қызметтерге бағаның жыл сайынғы өсімі биылғы жылдың екінші тоқсанында небәрі 3,5%-ды құрады. Оның ішінде, тарифтері мемлекетпен реттелетін коммуналдық қызметтер құнының өсуі тек 3%.
Айта кететіні биылғы жылдың бірінші тоқсанында коммуналдық қызметтер құнының жылдық өсімі 1,7%-ды құрады, оның ішінде мемлекетпен реттелетіні 0,2%. Өткен жылдың соңғы тоқсанында коммуналдық қызметтердің жалпы құнының өсуі 2,8%-ды құрады, реттелетін - 1,7% (реттелмеген - 5,1%).
Тұтастай алғанда, 2021 жылдың екінші тоқсанында тұрғын үй, су, электр энергиясы, газ және басқа да отын тарифтерінің жыл сайынғы өсімі 5,4%-ды құрады.
Жалпыға ортақ реттелетін коммуналдық қызметтердің арасында суық су бағасының айтарлықтай қымбаттағанын байқауға болады (жылына 5,7%). Сонымен қатар, газдың бағасы, 0,9%-ға өсті, ал жылыту, керісінше, 0,9%-ға төмендеді.
Салыстырмалы түрде алсақ мемлекет реттемейтін тұрғын үй қызметтері түрлерінің ішінде қоқыс шығару бір жыл ішінде 15,8%-ға, домофон - 3,3%-ға, тұрғын үйді күтіп ұстау және жөндеу бойынша қызметтер 7,3%-ға қымбаттады.
Ал биыл жылдың бірінші тоқсанында жалақының жылдық өсімі 15,2%, инфляцияға бейімделген сатып алу қабілеті - 7,4%, коммуналдық қызметтердің құнының өсуі - 1,7%, тұрғын үй қызметтері бағасының өсуі: су, жарық, газ және отынның басқа түрлері - 3,6%-ды құрады. 2019 жыл мен 2020 жылдың бірінші тоқсанында су, жарық, газ тарифтері төмендеген.