Конго-қырым безгегінен бір адам көз жұмды

1117

Оқиға Жамбыл облысы Байзақ ауданында тіркелді. 

Конго-қырым безгегінен бір адам көз жұмды

Жамбыл облысында конго-қырым қанды безгегінен 10 жастағы бала көз жұмды. Оқиға Байзақ ауданында тіркелді. Індетті жұқтырған жеткіншек өте ауыр жағдайда ауруханаға түскен. Эпидемиологиялық тексеру барысында, науқастың Өзбекстаннан келгендігі анықталды. Мамандардың айтуынша ол ел аумағына сырқаттанған күйінде өткен.

Жалпы өңірде 48 елдімекен қырым қанды безгегінің табиғи ошағы болып есептеледі. Мамандар бүгінгі күнге дейін 38 мыңнан астам кене жинап, зерттеген. Нәтижесінде 109 жағдайда аурудың белгілері анықталған.

Айта кету керек, аймақта жыл басынан бері 481 адамды кене шаққан. Олардың барлығы қатаң бақылауға алынып, жіті тексеруден өткізілді. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Жамбыл облысында өзбекстандық баладан қырым қанды безгегі анықталғаны хабарланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу