Константин Сыроежкинге үкім шықты

1481

Оған мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылған. 

Константин Сыроежкинге үкім шықты

Белгілі қазақстандық саясаткер, қытайтанушы Константин Сыроежкин 10 жылға түрмеге жабылды. Оған мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылған. Бұл туралы қоғамдық қор басшысы Ғалым Агелеуов өзінің фейсбук парақшасында мәлімдеді.

Сот процессі жабық режимде өткен. Ал ҰҚК мен сот қызметкерлері ешқандай ақпарат бермей отыр. Сондықтан аталған фактіге байланысты мардымды мәлімет жоқ.

Ғалым Агелеуовтың жазуынша, Константин Сыроежки өзінің кінәсін мойындамаған. Алайда аппеляциялық сотқа шағымданудан бас тартып, "шығарылған шешімді биліктің ар-намысына  қалдырдым" деп айтқан.

Сыроежкин Қытай саясатын зерттеп, ғылым академиясының ұйғыртану институтының қызметкері болған. Адам құқығы бойынша бюро басшысы Евгений Жовтис істе мемлекеттік құпиялар болғандықтан, сот жабық режимде өтуі мүмкін дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу