"Конституция орыс тіліне сай келеді" - Әділет министрі заңды қазақшалау туралы

2995

Конституцияның қазақ тіліндегі нұсқасына қоғам көңілі толмайтыны байқалады. Кейбір тіл маманы оны ішінара қайта аударып шыққан болатын. Алайда үкімет мүшелері бұл мәселеге қазір назар аудармайтын тәрізді.

"Конституция орыс тіліне сай келеді" - Әділет министрі заңды қазақшалау туралы

Журналистер Әділет министрі Қанат Мусиннің пікірін сұраған.

"Әркім өзінің білімі деңгейінде пікірін айтады. Қазір заңның қазақ тіліндегі нұсқасына қатысты мәселе тұрған жоқ", – деді Мусин.

"Қазақ тіліндегі нұсқасы көңіліңізден шыға ма?", – деп сұрады журналистер. 

"Қазақ тіліндегі нұсқасы орыс тіліне сай келеді", – деді Мусин. 

"Ал неге ол орыс тіліне сай келуі керек?", – деп сұрады тілшілер.

"Заңның екі тілдегі нұсқасы бір мағына беруі керек", – деп жауап берді министр.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу