Қордай ауданында 7 ірі инвестициялық жоба қолға алынды

627

Қордайда индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жалпы құны 857 миллиард 322,2 миллион теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба жүзеге асуда.  

Қордай ауданында 7 ірі инвестициялық жоба қолға алынды Фото: inbusiness.kz

Қордай – Жамбыл облысына инвестиция тартып отырған аудандардың бірі. 7 жоба бойынша жүргізілетін құрылыс жұмыстары кезінде 760 жұмысшы тартылады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Ал, жобалар іске қосылған соң 1366 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Ең ірі жобаның бірі – тау-кен металлургиялық комбинатының құрылысы. Алтын кенін игеруді 2014 жылы бастаған "MONTERRА QASAQSTAN" ЖШС-нің өндіріс орны Ноғайбай ауылы маңында орналасқан. Комбинат 2026 жылға қарай кен өндіру көлемін арттыруды көздеп отыр. Нақты айтсақ, құны 832 миллиард теңге болатын 5100 килограмм алтын өндірмек.

Ал, "Шоқпар-Гагаринское" ЖШС-нің Бетқайнар ауылдық округіне қарасты Соғанды ауылы жанынан ашқан комбинатта жылына 1000 килограмм алтын өндіру жоспарланған. Кен орны 2024 жылы іске қосылады. 400 жұмыс орны ашылады.

Сондай-ақ кен өндіруші компания – "Туран Металс" ЖШС "Қордай ауданында құрамында алтын бар кенді бастапқы қайта өңдеу бойынша өндірістік кешен салу" жобасын жүзеге асырмақшы. Жалпы құны 440 миллион теңгені құрайтын қайта өңдеу өнеркәсібі енді 4 жылда толық қуатында жұмыс істейтін болады.

 "АЛТАЙ ГОЛД" ЖШС "Флюорит өңдеу зауытын салу" жобасын қолға алған. Құрылысы 3 жылда аяқталатын жобаның құны – 3,5 миллиард теңге.

"Қордай Корм" АӨК "Өндірісті кеңейтуге, балықтарға арналған құрама жем өндіретін жаңа қондырғы енгізу" жобасы іске қосылса, ауданда жылына 100 тонна құрама жем өндірілетін болады. Қазірдің өзінде кәсіпорын өнімнің сынақ партиясын шығарып жатыр. Қажетті қондырғылар орнатылып, техникалық реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу