Қордайдағы жол апаты: Жарақат алғандардың үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр

990

Ауруханада жол апатынан жарақат алған тағы алты адам бар. 

Қордайдағы жол апаты: Жарақат алғандардың үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр

Қордайдағы автобус апатынан жарақат алғандардың үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Бұл ақпаратты Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов таратты, деп хабарлайды Atameken Business.

Оның сөзінше, ауруханада жол апатынан жарақат алған тағы алты адам бар. Екеуі – Өзбекстан азаматы.

"Жамбыл облысы емдеу-сауықтыру мекемелерінде бүгінгі таңда 9 науқас жатыр. Оның төртеуі Қордай аудандық ауруханасында, төртеудің біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Ол науқастың жағдайы ауыр, бірақ бірқалыпты.  Қалалық ауруханада 5 науқас жатыр. Бүгін тағы жансақтауда  жатқан екі науқас бөлімшеге ауыстырылды", – дейді Жамбыл облыстық ДСБ басшысы  Марат Жұманқұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу