Корея президенті өкілеттігін премьер-министрге тапсырды

1004

Корея президенті өкілеттігін премьер-министрге тапсырды

Бүгін импичмент жарияланған Оңтүстік Кореяның президенті Пак Кын Хе заңға сәйкес өкілеттікті елдің премьер-министрі Хван Гё Анға тапсырды, деп жазады "Рёнхап" агенттігіне сілтеме жасаған "КоммерсантЪ".

Президент парламенттің шешімінен хабардар болысымен өз өкілеттігін тоқтатты. Агенттіктің мәліметі бойынша,  импичмент туралы шешімді Оңтүстік Кореяның Конститутциялық сот қарайтын болады. Оған 180 күнге дейін уақыт қажет.

Бүгін Оңтүстік Кореяның парламенті ел президентінің импичментін дауысқа салды. Оған 234 депутат жақтап дауыс берсе, 54-і қарсы шықты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу