Кореяда құрылыста жұмыс істеп жүрген Қазақстан азаматы қайтыс болды

593

Ол 18-қабаттан құлап кеткен.

Кореяда құрылыста жұмыс істеп жүрген Қазақстан азаматы қайтыс болды Фото: Drive2

Оңтүстік Кореяда 18-қабаттағы пәтердің төбесін бояғалы жатқан қазақстандық ер адам жерге құлап кетіп көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz KnNews порталына сілтеме жасап.

"21 қыркүйек күні таңғы сағат 8:25-те Кимхэ қаласындағы Канто-Донгтағы пәтерді бояу жұмыстарына дайындалу үшін қорғаныс жолағын орнатқан Қазақстан азаматы 18-қабаттан жерге құлады. Жазатайым оқиғадан кейін қазақстандық ауруханаға жеткізілді, алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады", деп хабарлады жергілікті полиция.

Сондай-ақ, жергілікті басылым бұл кәсіпорынның мұндай оқиға үшін заң аясында жазаланбайтынын атап өтті, өйткені онда жұмыс істейтіндер саны 50-ге де жетпейді.

Полицияның мәліметінше, қазақстандық ер адам Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген. Ол елге туристік визамен кірген.

Сонымен бірге, жергілікті полиция бұл жазатайым оқиғаны егжей-тегжейлі зерттейтінін, әсіресе жабдықтың тозуы мен компания басшылығының қауіпсіздік ережелерін сақтауын тексеретінін мәлімдеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу