Қорғаныс министрі АРХО-ға әзірлікті тексерді

1017

Ойынға Әзербайжан, Армения, Белоруссия, Венесуэла, Мысыр, Иран, Қырғызстан, Сирия және Өзбекстанның әскери қызметшілері қатысады.

Қорғаныс министрі АРХО-ға әзірлікті тексерді

Отар 40-шы әскери базасында Нұрлан Ермекбаев байқаулардың өткізілу орындарын, қатысушы командалардың тұруы жағдайларын, маршруттардың орналасуын тексерді, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Әскери ведомство басшысы ойындарды өткізуге дайындық жұмыстарының одан әрі сапалы орындалуын ұйымдастыруға жауапты адамдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Одан басқа, Нұрлан Ермекбаев қару-жарақ пен әскери техниканың техникалық жай-күйін тексерді. Сондай-ақ Қорғаныс министріне танк экипаждарының, ұшқышсыз ұшатын аппараттар есептоптарының, байланысшылар мен артиллерияшылардың жаттығулары көрсетілді. Әскери қызметшілермен кездесе отырып, ол сайыста сәттілік пен жоғары деңгейдегі өнер көрсетуді тіледі.

Биылғы жылы Армиялық халықаралық ойындар аясында Қазақстан аумағында "Сұңқар аңшылығы", "Артиллериялық оқ ату шеберлері" және әскери байланысшылардың "Сенімді қабылдау" байқаулары өтеді. Оған Әзербайжан, Армения, Белоруссия, Венесуэла, Мысыр, Иран, Қырғызстан, Сирия және Өзбекстанның әскери қызметшілері қатысады. 32 байқаудың ішінен Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері 16 байқауға қатысады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу