Қорғаныс министрі Арыс қаласына жұмыс сапармен барды

685

Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев төтенше жағдай салдарын жою бойынша жұмыстарды инспекциялады.  

Қорғаныс министрі Арыс қаласына жұмыс сапармен барды

Арыс қаласындағы Арсеналдағы төтенше жағдайдан кейін Қарулы Күштердің әскери қызметшілері күн сайын оқ-дәрілердің фрагменттерін жинау және жою бойынша тынымсыз жұмыс атқаруда. Жұмыс барысы Қорғаныс ведомствосының басшысының жеке бақылауында. Қорғаныс министрінің Арыс гарнизонына жұмыс сапары тұрақты негізде орындалады.

Жедел топтың аға басшысы полковник Н.Қонысовтың баяндамасын тыңдап, қорғаныс ведомство басшысы аумақты аралап, оқ-дәрілерді сақтау тәртібі мен жағдайымен танысты. Арсеналдың инфроқұрылымын және техникалық аймағын қарады. Ол әскери қызметшілермен кездесе отырып, инженерлік бөлімшелерге оқ-дәрілердің фрагменттерін жою бойынша нақты

нұсқаулар берді.

Нұрлан Ермекбаев кезекті рет, арнайы мамандандырылған полигондағы жарылу қаупі бар фрагменттерді жою бойынша қазу жұмысының барысымен танысты. Қабылданған шаралар Арыстағы және маңындағы халық үшін қажетті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Негізгі жұмыстар №1 техникалық аумақта, және оның айналасындағы 20 шақырым аймақта жүргізілуде. Мақсаты, кез-келген күдікті заттарды іздеу болып табылатын тұтас тазарту жұмыстары үшінші рет жүргізілуде.

Жиынтық жасақтардың әскери мамандарының жоғары психологиялық және физикалық жүктемелеріне байланысты оларды ротациялау тұрақты негізде жүргізіледі.

Әскери қызметшілердің дағдылары жақсарғаны байқалып, тиімді жауынгерлік тәжірибе жинады. Әскерилер өңірдегі барлық билік органдарымен тығыз қарым-қатынас орнатты, оқ-дәрілер табылған жерге бару үшін мобильді топтар құрды, жергілікті тұрғындарға да медициналық көмек көрсете алатын, медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырды.

Жағдайыдың салдарын жою үшін әскери бөлімнің техникалық аймағында 900-ге жуық әскери қызметші мен 130 бірлік арнайы және әскери техника жұмылдырылды, барлық қауіпсіздік шаралары толық көлемде сақталды, сонымен қатар жарылыс қаупі бар және жарылыс қаупі жоқ заттарды іздеу және сұрыптау жүзеге асырылуда.

Әскери қызметшілердің тұрғын қалашығының инфрақұрылымы толықтай қалпына келтірілді.

Алдын ала қабылданған шаралар кешені салдарды барынша азайтуға мүмкіндік берді. Оған Ресейдегі, АҚШ-тағы және БҰҰ-ның минаға қарсы орталығындағы сарапшы мамандарының қорытындылары куә. Тексеру аяқталғаннан кейін Қорғаныс министрі жеке құрамға алғыс айтып, күрделі климаттық және эпидемиологиялық жағдайларында жұмыстарын жалғастырған барлық қызмет пен бөлімшелердің құрама жасақтың қызметіне жоғары баға берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу