Қорғаныс министрі әскерде әлімжеттік жоқ екенін айтты

374

Әскердегі тәртіпті орнату бағытында жұмыстар жасалынып жатқаны айтылды.

Қорғаныс министрі әскерде әлімжеттік жоқ екенін айтты Фото: ortcom_kz

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов әскерде әлімжеттік жоқ екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер "Әскерде тәртіпсіздіктер бар дегенмен келісесіз бе?" деп сұрады.

"Әскерде әлімжеттік жоқ. Бірақ әскерде ер жігіттер болғаннан кейін түрлі жайттар болады. Бұл біздің қоғамда да бар ғой. Бізді, әскерді, қоғамнан бөлмеңіздер. Біз де қоғамның мүшесіміз ғой", – деді ведомство басшысы Сенат кулуарында.

Тілшілер "Әскердегі тәртіпті қашан орнатасыз?" деп нақтылады.

"Қазір де орнатып жатырмыз. Барлық жұмысты жасап жатырмыз", – деп атап өтті Дәурен Қосанов.

Айта кету керек, бұған дейін Қазақстан армиясы қалай күшейгенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу