Қорғаныс министрі әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің кезекшілігін кенеттен тексерді

1176

Генарал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерінің командалық пункті мен қолбасшылық басқармасын жоспардан тыс тексерді. Тәуліктік кезекшіліктің ұйымдастырылуын қарады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.  

Қорғаныс министрі әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің кезекшілігін кенеттен тексерді

Қорғаныс министрінің нұсқауымен жауынгерлік есептоп құрамының кезекші күштері жауынгерлік даярлыққа келтірілді.

Әскердегі жағдайға жауаптылар белгіленген мерзімде елдің әуе кеңістігін қорғау жөніндегі міндеттерді орындайтын жеке құрамның, қару-жарақ пен әскери техниканың әзір екенін баяндады.

Бұдан өзге, кезекші күштердің өртке қарсы қауіпсіздік, өртті шартты түрде анықтау мен оқшаулау іс-қимылын ұйымдастыру барысын тексерді.

Аталған тексеріс жеке құрамның жоғары қырағылық деңгейін, кезекші күштер мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарының жауынгерлік міндеттерді орындауға дайын екенін көрсетті.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу