Қорғаныс министрі қазақстандық бітімгерлермен кездесті

1169

Ведомство басшысы Алматы және Жамбыл облыстарына жұмыс сапарымен барады. 

Қорғаныс министрі қазақстандық бітімгерлермен кездесті

Қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Тілендиев кентіндегі бітімгершілік даярлық оқу-жаттығуы орталығындағы Ливанға бітімгерлік мақсатта аттанатын  әскери қызметшілермен кездесті, деп inbusiness.kz  Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша Қазақстанның қауіпсіздік, ынтымақтастық және даму саласындағы сенімді әріптес ретінде алатын орнын нығайту үшін әскери қызметшілеріміздің бітімгершілік миссияларға қатысуы маңызды. 

"Бүгін сіздер үшін де, жалпы қарулы күштер үшін де ерекше күн. Ұзақ дайындық пен мұқият іріктеуден кейін сіздер миссияны орындау үшін үлкен жолға аттанасыздар. Миссия мол тәжірибе жинақтап, жауынгерлік әлеуетті нығайтуға мүмкіндік береді", - деді Нұрлан Ермекбаев.


Ведомство басшысы бітімгерлерге жауынгерлік жолдастықты жоғары қоя отырып, бір-біріне қолдау көрсетумен миссияны сәтті орындап, үйлеріне аман-есен оралуына тілектес екенін айтты. 

Еске сала кетсек, Қазақстанның Ливандағы бітімгерлік миссиясы 2018 жылы қазан айында басталған. Қазіргі уақытта онда Үндістан батальонының құрамында төртінші қазақстандық бітімгерлік рота миссиясын аяқтауда.
Қорғаныс министрі жұмыс сапары барысында Алматы және Гвардейск гарнизондарының әскери бөлімдерін аралауды жоспарлауда.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу