Қорғаныс министрі Приозерск пен Балқаш гарнизондарына барды

1141

Приозерск пен Балқаш гарнизондарының инфрақұрылымы Қарулы Күштердің стратегиялық міндеттерін шешуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қорғаныс министрі Приозерск пен Балқаш гарнизондарына барды

ҚР Қорғаныс министрі Приозерск пен Балқаш гарнизондарына келіп, олардың ішкі аумағында шоғырланған Құрлық әскерлері мен Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдерін тексерді. Приозерск және Балқаш гарнизондарында олардың географиялық орналасуын ескере отырып, Қарулы Күштердің мүддесінде стратегиялық міндеттер жүктелген әскери бөлімдер орналасқан. Олардың әртүрлі арналымы бар. Атап айтқанда, артиллериялық бөлімдер, қамтамасыз ету полкі және басқалары.

Аталған гарнизондар ҚР Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысы ставкасының резервісі болып табылатын "Астана" өңірлік қолбасшылығының құрамына кіреді. Өңірлік қолбасшылық Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімшілік шекараларының ішінде орналасқан. Әскери бөлімдерден басқа мұнда бөлімшелер іс жүзінде әртүрлі қарулы қақтығыстардың сценарийлерін пысықтайтын Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығу орталығы, сонымен қатар ұшу құрамын дайындайтын Әуе қорғанысы күшінің орталығы мен "Жас ұлан" республикалық әскери мектебі бар. Приозерск пен Балқаш гарнизондарының әскери бөлімдерінде қорғаныс ведомствосының басшысы жауынгерлік машиналар паркін, қару-жарақ қоймасы мен әскери техникаларды, басқару пункттерін тексерді, сондай-ақ аймақтарды айналып шықты.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу