Қорғаныс министрі Жамбылдағы жарылыстың болжамды нұсқаларын атады

961

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы жарылыстың болжамды нұсқаларын атады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қорғаныс министрі Жамбылдағы жарылыстың болжамды нұсқаларын атады

"Жарылысқа не себеп болғанын қазір жедел тергеу қызметі анықтап жатыр. Біз алдын ала нұсқа бойынша жарылысқа қауіпсіздік техникасының сақталмауы, өздігінен тұтану болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. шығармаймыз дегеннен кейін: Одан бөлек қасақана өртеу немесе диверсия да болуы мүмкін", - деді Нұрлан Ермекбаев бүгінгі баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек 26 тамыз күні сағат 19:00-де Жамбыл облысы, Байзақ ауданында қуатты жарылыс болды. Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шықты. Өрт салдарынан белгісіз заттың жарылысы орын алды.

"Өрт салдарын жою бойынша жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. ТЖМ, ІІМ бөлімшелері жұмылдырылды. Темір жол уақытша тоқтатылды", - деп жазды Президент.  

Оның хабарлауынша, Жамбыл облысына Қорғаныс министрі мен Ішкі істер министрінің төтенше жағдайлар жөніндегі орынбасары ұшып шыққан. Жарылыс болған маңдағы ауылдардың тұрғындары эвакуацияланып жатыр. 30-ға тарта облыстық ТЖ жөніндегі департаменттің қызметкері мен әскери қызметкерлер жарақат алған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу