Қорғаныс министрлігі қазақстандық бітімгершілік күштердің БҰҰ операцияларына қатысуын кеңейту мәселесін пысықтайды

753

Осыған қатысты Қорғаныс министрі міндеттемелер қойды.   

Қорғаныс министрлігі қазақстандық бітімгершілік күштердің БҰҰ операцияларына қатысуын кеңейту мәселесін пысықтайды

"Қазақстандық бітімгершілік контингентінің бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияға қатысуын кеңейту туралы мәселені пысықтау міндетін қойдым", – деп жазды Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев дүйсенбі күні твиттерде. 

"Ол еліміздің халықаралық беделін арттыруға ықпал етіп, әскери қызметшілер әскерді даярлау барысында оларды қолдануда тәжірибе жинайды", – деп атап өтті министр.    

Өткен аптада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігіне елдің Қарулы Күштерінің БҰҰ-ның бітімгершілік операцияларына қатысуын 2021 жылдың 1 тамызына дейін кеңейту үшін "жол картасын" әзірлеуді тапсырған болатын.

Биылғы жылдың қазан айында Қазақстан бітімгершілік миссиялары шеңберінде орындалатын міндеттер ауқымын кеңейту мақсатында БҰҰ-ға саперлердің, әскери дәрігерлердің, барлау және әскери полицияның арнайы жасақтарын жіберу туралы өтініш жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу