Қорғаныс министрлігі резервтегі әскери қызметкерлер туралы заңға өзгеріс енгізбек

2019

Төтенше жағдай (табиғи/техногендік сипатта) немесе мобилизация кезінде елдің Қарулы күштеріне резервтегі қызметкерлерді жинауды реттейтін заң жобасы әзірленді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Қорғаныс министрлігі резервтегі әскери қызметкерлер туралы заңға өзгеріс енгізбек

"Арнайы келісімшарт жасасқан резервшілер Қорғаныс министрлігі айқындаған тәртіппен бейбіт уақытта әскери-есептік мамандықтар бойынша жиындардан және даярлықтардан өтеді", – делінген құжатта.

Сондай-ақ әскери жаттыққан резервті дайындау керегі және олардың әзір тұруы керегі айтылған.

Құжатты "Ашық үкімет" порталынан көруге болады.

Бұған дейін әскерді одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылығына әскери қауіпсіздіктің өзекті қатерлерін ескере отырып, Қарулы күштердің құрылымы мен құрамын жаңғыртуды тапсырды.

Кеше Парамент сенатының жалпы отырысынан кейін қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов журналистерге сұхбат беріп, Қарулы күштерде кадр тапшылығы бар екенін айтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу