Елімізде 26 қыркүйектен бастап Жамбыл, Алматы облыстарында ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел ден қою күштерінің "Өзара іс-қимыл-2022", "Іздеу-2022", "Эшелон-2022" оқу-жаттығулары өтіп жатқаны белгілі.
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі осыған байланысты елімізге Ұйымға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келетінін тағы бір ескертті.
"Әскери техниканың қозғалысы теміржол, әуе көліктерімен және дөңгелекті техникамен жүзеге асырылады. Бұл тұрғыда азаматтарды әлеуметтік желілерде таралатын түрлі қауесеттерге ермеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз", – деп жазылған хабарламада.
Айта кетсек, Армения бұл іс-шараға қатысудан бас тартты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу