banner

Қорғаныс министрлігі жемқорлық дерегі жиі тіркелген министрлік екенін жоққа шығарды

532

Осыған дейін Ranking.kz деректері негізінде сайтымызда еліміздегі жемқорлық дерегі жиі тіркелген министрліктер туралы материал жарияланған болатын. Антилидерлер үштігіне Қорғаныс министрлігі де кірген.

Қорғаныс министрлігі жемқорлық дерегі жиі тіркелген министрлік екенін жоққа шығарды

Ведомство жағымсыз рейтингке қатысты түсініктеме беріп, статистикалық деректерін ұсынды, деп жазады inbusiness.kz.

Қорғаныс министрлігі Ranking.kz-те "Министрлік қызметкерлері және сыбайлас жемқорлық: елдің қай министрліктерінде жемқорлар көп?" атты тақырыпта жарық көрген материалға қатысты түсініктеме берді.

"ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің мәліметтеріне сәйкес, 2022 жылдың 8 айында Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлық қылмысты 22 адам жасады. Жоғарыда аталған мәліметтерді зерттеу барысында 3 деректің Қорғаныс министрлігіне қатысы жоқ екендігі және басқа күш құрылымдары мен ведомстволарға жататыны анықталды. Бұдан бұрын қорғаныс ведомствосы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен ай сайынғы салыстыру жүргізу барысында мәліметтерді кейіннен түзету үшін статистикалық деректердің сәйкес келмеу фактісі көрсетілген болатын.

Сонымен қатар Қарулы Күштердегі 19 лауазымды тұлғаның ішінде 16-сы сыбайлас жемқорлық қылмысты 2021 жылы жасаған. Оның ішінде 13-і бір қылмыстық іс бойынша өтеді. Осылайша, 2022 жылдың 8 айы бойынша Қорғаныс министрлігінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған 3 адам тіркеліп отыр", – делінген ведомство хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу