"М.К. Бектановты тағайындау туралы
Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 31 тамыз
№ 649"
Бектанов Мұрат Кәрібайұлы 1965 жылы 18 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының Соколов ауылында туған.
1983 ж. - 1984 ж. аралығында мерзімді әскери қызметін өтеген.
1988 жылы Киев жоғары жалпыәскери командалық училищесін бітірген.
2000 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясын бітірген.
2007 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабы Әскери академиясын бітірген.
Әскери шені: генерал-лейтенант (2020).
Тілдерді меңгеруі: қазақша, орысша.
II дәрежелі "Даңқ" орденімен (2014) марапатталған.
Медальдар: мерейтойлық және еңбек өтілі үшін.
Мансап
1988-1998 ж.ж. – мотоатқыштар взводының командирі, десанттық-шабуылдау взводының командирі, барлау бастығы – взвод командирі, жеке мотоатқыштар батальонының штаб бастығы лауазымдарында қызмет атқарды;
2000-2007 ж.ж. – жедел басқарма бастығы – Республикалық ұлан Орталық аппаратының штаб бастығы, Республикалық ұлан Орталық аппаратының Әскери қызмет және әскерлер дайындығы департаментінің бастығы лауазымындарында болды;
2007-2010 ж.ж. – ҚР ҚМ Штабтар бастықтары комитеті Жедел жоспарлау департаменті бастығының орынбасары;
2010-2011 ж.ж. – ҚР ҚМ Штабтар бастықтары комитеті Жедел жоспарлау департаментінің бастығы;
2011-2013 ж.ж.– өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының штаб бастығы;
2013-2016 ж.ж. – "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы;
2016-2019 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы;
2019 ж. 5 сәуірден бастап Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы болып тағайындалды.