Коронавирус: елімізде ауру жұқтыру көрсеткіші қашан төмендейді

1256

Бүгінде 3 млн 75 мың 907 адам толық екпе алған.

Коронавирус: елімізде ауру жұқтыру көрсеткіші қашан төмендейді

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаны алғандар саны 10 млн-ға жетсе, ауру жұқтыру көрсеткіші төмендейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, елімізде ауру жұқтыру көрсеткішінің жоғары болуы вакцина алғандар санының төмен болуымен байланысты. 

"Екпе алғандар саны 10 млн-ға жеткен жоқ. Вакцина алғандар саны көп болса, ауру жұқтырғандар саны аз болады. Сондықтан міндетіміз көп адамға коронавирусқа қарсы екпе салу. Егер 10 млн адам вакцина салдырса, ауру жұқтыру көрсеткіші төмендейді", - деді министр министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Өткен тәулікте елімізде 6 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырған.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 5 млн 54 мың 970 адам, екінші компонентін 3 млн 75 мың 907 адам салдырды.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу