Коронавирус қашықтан оқыған оқушылар арасында көбірек тіркелді

836

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мектептердегі эпидемиологиялық жағдайды жариялады.

Коронавирус қашықтан оқыған оқушылар арасында көбірек тіркелді

Сархат Бейсенова 2021 жылғы 1 наурызда елордадағы мектеп оқушылары арасында жыл басынан бері санағанда 1 103 COVID-19 жағдайы тіркелгенін мәлімдеді деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі.

"Кезекші сынып оқушылары арасында 263 немесе 23,8%, қашықтан оқыған  оқушылар арасында 840 жағдай немесе 76,2%", – деді дәрігер. 

Брифинг барысында Сархат Бейсенова алда келе жатқан мереке қарсаңында елорда тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. 

"Мереке күндері қарсаңында қала тұрғындары мен елорда қонақтарынан шектеу және карантин шараларын сақтауды тағы да өтініп сұрағым келеді. Маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтаңыздар, мүмкіндігінше көпшілік жиналатын орындарға бармаңыздар және халық жаппай жиналатын іс-шаралар ұйымдастырмаңыздар!" – деді дәрігер. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу