Коронавирус: мұнай бағасы соңғы үш айдағы ең төменгі көрсеткішке жетті

1551

Brent сұрыпты мұнайдың баррелі 0,2%-ға арзандап, 59,23  доллар болды. 

Коронавирус: мұнай бағасы соңғы үш айдағы ең төменгі көрсеткішке жетті

Қазан айының ортасында арзандауын тоқтатқан шикізат құны қаңтардың басынан бері тұрақсыздық танытуда. Бұған Қытайдағы жаңа коронавирустың кең етек жаюы себеп болып отыр. Қазір вирус ошағы табылған аудандарда карантин жарияланып, ірі корпорациялар жұмысын уақытша тоқтатып жатыр. 
Ірі мұнай экспорттаушысы саналатын Сауд Арабиясы 27 қаңтарда Қытайдағы ахуалды назарда ұстап отырғанын, бірақ эпидемияның әлемдік мұнай сұранысына айтарлықтай кесірін тигізбейтінін алға тартты. 
Bloomberg агенттігінің соңғы дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2020 жылдың наурызындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнайдың баррелі 0,2%-ға арзандап, 59,23  доллар болды.  
Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында ақпандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері  53.13доллар болды.

OANDA бас аналитигі Джеффри Холлидің пікірінше, Қытайдағы жағдай ушықса, West Texas Intermediate сұрыпты мұнай баррелі 47-50 долларға дейін, ал Brent сұрыпты мұнай баррелі 55 долларға дейін арзандауы мүмкін. 

"Егер халықтың сауда орталықтарына баруы сиреп, жарық көзі мен жанармайды тұтыну көлемі азайып,зауыттардың жұмысы іркілсе, салдарынан аймақтың экономикасы зардап шегеді", - деді Холли. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу