Коронавирус туралы қауесет таратқаны Қызылорда облысының екі тұрғыны ұсталды

1373

Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталды. 

Коронавирус туралы қауесет таратқаны Қызылорда облысының екі тұрғыны ұсталды

Қызылорда облысында екі әйел аймақта коронавирус жұқтырғандар туралы жалған ақпарат таратқаны үшін ұсталды, деп хабарлады  polisia.kz.

"Облыстық полиция бөлімінің қызметкерлері WhatsApp мессенджері арқылы жалған ақпарат таратқан 62 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны мен 32 жастағы Жаңақорған ауданының тұрғынын ұстады. Аудиожазбада аймақта коронавирус жұқтырған жағдайлар болған", - делінген хабарламада.   

Полиция мәліметінше, ұсталғандар "өз іс-әрекеттерін толық мойындап, өкінді".

Осы фактілерге бойынша, Республика Қылмыстық кодексінің 274-бабының 4-бөлігі (төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпаратты тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Еске салар болса Президент 23 наурыз күні  төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында жалған ақпарат таратушыларды жазалау жөнінде айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу