"Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Алматы қаласында тіркелді.
Осы сағатта Алматы қаласында – 17 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 18 адам, жалпы 35 науқас тіркелді",–деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі.
Айта кетсек, елде індеттің таралмауы үшін алдын алу шаралары қарастырылып жатыр. 16 наурыз күні таңғы сағат 8:00-ден 15 сәуір сағат 07:00-ге дейін елімізде төтенше жағдай енгізу туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысы шыққаны белгілі. Кеше ғана Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин жариялау туралы шешім қабылданды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу